ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

"ЖАУЫНГЕР" ӘСКЕРИ КЛУБЫ АШЫЛДЫ

16:37, 18 қараша 2019

Ақтөбеде киокушинкай каратэден "Жауынгер"әскери клубы ашылды. Мұнда күніне 100 бала жаттыға алады. Жаңа нысанның негізгі бағыты - киокушинкай каратэ спортын дамытып, қала тұрғындарына спортпен айналысуға жағдай жасау.  Мықтылық пен өжеттілікті шыңдап, қарсыласқа құрмет көрсету. Бұл - киокушинкай каратэнің басты қағидасы. Қазір облыста спорттың осы түрімен 300-ге жуық бала айналысады. Жасөспірімдердің жетістігі орасан. Олар республикалық, халықаралық жарыстардан жүлдемен оралып жүр.

БОГДАН МАГДИЕВ

5-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Каратэге қатысып жүргеніме 5 жыл. Қазір жасым онда. 18 медалім бар. Қазақстан чемпионымын. Балаларды спорттың осы түрімен айналысуға шақырамын.

ДӘУЛЕТ ХАРОЛЛА

11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Киокушинкай каратэ әскери клубында үйірмелер ақылы. Ал аз қамтылған отбасылардың балаларына бәрі тегін.

ЕВГЕНИЙ ГОНЧАРОВ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Демеушілердің қолдауымен киокушинкай каратэден орталық ашып жатырмыз. Мұнда жасты 4-тен асқан балалар қабылданады. Жаттықтырушылар бізде жеткілікті. Есік ашық, барша ақтөбеліктерді спортпен шұғылдануға шақырамыз. Бұл орталықта ақылы үйірмемен қатар, тегін секция да жұмыс істейді. Мұнда аз қамтылған отбасылардың балаларын қабылдаймыз. 

Шараға арнайы келген Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаевтың айтуынша, елімізде киокушинкай каратэмен 7000 нан астам бала айналысады. Ал республикалық Федерацияның құрылғанына 20 жыл.

Жанар Датқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...