ШҰҒЫЛ! ЫРҒЫЗДЫҚТАР АУЫЗ СУ АЗАБЫНАН АРЫЛАДЫ Толығырақ

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР МАУСЫМЫ

13:37, 14 шілде 2019

Жаз маусымы - қаладағы баланың ауылға, ауылдағы баланың қалаға асығатын кезі. Осындай мезгілде лагерьлердің де жұмысы қыза түседі. Қазір Ақтөбеде 60 мың бала жазғы лагерьлерде демалып жатыр. Олар үшін облыс орталығындағы 80 мектепте арнайы алаңдар жасақталып, қала сыртында 10-ға жуық лагерь жұмыс істеп тұр.  Ал аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары демалыс орындарында тегін тынығады. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған бағдарлама тыңғылықты. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 66 млн теңге қарастырылған. Жалпылай алғанда, лагерлердің басым бөлігі тамыздың соңғы күндеріне дейін ашық болмақ. Жақын күндері лагерьлердің төртінші маусымы басталды.Ақтөбе өңірі - ерекше санаттағы лагері бар батыс аймағындағы бірден бір аймақ. Солардың бірі -  "Күншуақ" сауықтыру лагері. Былтыр  "Бақытты бала" жобасы аясында ашылған мекеме жыл бойы жұмыс істейді. Ол Алға ауданы, Бестамақ ауылында орналасқан. Биыл да бұл топтағы балдырғандар назардан тыс қалмады.Айта кету керек, арыстық 200 бала шілде айының 15-інен бастап Ақтөбең лагерлерінде тынығады. Педагогтар Арысқа барып, балаларды алып келеді, кейін жеткізіп тастайды. Бірінші кезеңде 100, тамыз айында тағы 100 бала қабылданады деген жоспар бар.

АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар