ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЖЕДЕЛ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІСІ: 906-606

19:50, 26 наурыз 2020

Call - орталықтың жұмысы қауырт. Мамандар тәулік бойы тұрғындар қоңырауын қабылдап, жол сілтеп отыр. Коронавирусқа қатысты мәлімет сұрап, ел ішіндегі жағдайға алаңдайтындармен қатар әлеуметтік желідегі фейк ақпараттарды тексеретіндер де жетерлік. Тым белсенді кейбір ақтөбелік күніне бірнеше рет қоңырау шалып, өзің алаңдатқан сұрақтың жауабын біліп отыр. {СЮБайланыс желісі жұмысын 20-наурызда бастады. Күніне шамамен 150-ге жуық қоңырау қабыладанады. Диспетчерлік қызметте қарапайым адамдар емес, облыстық басқармалардағы мамандар отыр. Олардың қатарында медицина, полиция жән санитар мамандар, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік басқармасының  қызметкерлері де бар. Қоңырау шалған адамдардың сұрақтарына жауап беру барысында кері байланыс та болады.
Байланыс желісі облыстық деңгейде жұмыс істейді. Аудан тұрғындарын мазалаған сұрақтар  аудан әкімшілігіне жолданып, мәселе орталық мамандары бақылауында болады. Ал  әлеуметтік желіде вирустық инфекцияға қатысты таратылған мағлұматтар облыстық ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының бақылауында.  
СЕРГЕЙ БЕККЕР
ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
 Облыс тұрғындары ватсапп желісін белсенді қолданады. Әлеуметтік желіде "колл орталық көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тізімін жасап жатыр" деген жалған ақпарат тарап кетті. Оған қоса орталық тұрғындарды азық - түлікпен қамтамасыз етеді немесе  87 карантиндік аймақ бар деген де шындыққа жанаспайтын жазба көп. Басқарма басшысы ретінде мұндай жалған ақпараттарды таратушыларды табу бізге қиындық тудырмайтынын ескерткім келеді.  

 Тұрғындарды тұшымды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында телеграмм желісінде арнайы чат ашылды. Оған қоса ресми мәліметтер жарияланатын сайт та іске қосылды. 
Әсем Самбаева, Самат

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
21:33, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
19:24, 26 маусым 2020
БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
Толығырақ...
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ МОНИТОРИНГ ТОБЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
21:04, 26 маусым 2020
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ МОНИТОРИНГ ТОБЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...