ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ Толығырақ

ЖЕДЕЛ ШТАБ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ

16:45, 20 наурыз 2020

 

 Өңір жаңалықтары. Жедел штаб күніне екі рет аймақтағы жағдайды сараптап отыр. Облыс әкімінің  бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов өңірде жағдайдың тұрақты екенін жеткізді. Барлық қауіпсіздік шаралары жіті бақылауда. Штаб мүшелері азық- түлік бағасына жүргізілген тексерулер мен сауда орындарында тіркелген бірқатар кемшіліктерді атап өтті. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин төтенше жағдайға  байланысты Нұржауған Қалауов пен облыстық полиция департаментінің және тауардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармаларының  басшыларына аудан әкімдерімен бірлесіп, қауіпсіздік шараларын жан-жақты күшейтуді тапсырды. Жедел штабтың отырысы күніне екі рет өткізіледі. Таңертең 8:00-де берілген тапсырманың нәтижесі тексерліп, кешкі сағат 20:00-де қорытындыланады. Бұл жедел әрекет ету штабы  төтенше жағдай жарияланған күннен бастап осы  режимде жұмыс істеп жатыр. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
22:25, 3 сәуір 2020
ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
Толығырақ...