ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ КЕЛГЕНШЕ КӨЗ ЖҰМДЫ

19:36, 7 қараша 2018

Ақтөбеде 1-інші сынып оқушысы жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды. Анасының айтуынша, дәрігерлер көмекке тек бір сағатқа жуық уақыт өткенде ғана келген. Енді ол құзырлы органдарға шағымданбақшы. Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүретінін айтады.

Кешелі бері әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен бұл бейнетүсірілімкөпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Бірі кешіккен дәрігерлерді кінәласа,ендібірі қайғылы жағдай үстінде түсірілім жасап тұрған адамның ісін сөгуде.

Бұл оқиға 3-інші қарашада болған. 7 жастағы қыздың қызуы көтеріліп, артынша ес-түссіз құлаған. Айтуларынша, жедел жәрдем бір сағатқа жуық уақыттан соң бірақ келген. Алайда олар жеткенше бала қайтыс болып кеткен. Марқұмның бауырлары мен анасы оны ұйықтап жатыр деп ойлап, қолын уқалап отыра берген.

Өкініштісі, 8 құрсақ көтерген Динара Баймағамбетова 6 жыл бұрын да 5 жастағы қызынан айрылған. Ол кезде де жеделжәрдем кешікті деген әйел дәрігерлердің үстінен сотқа шағым түсірмек. Мамандар баланың өліміне "механикалық асфиксия" себеп болған дейді. Яғни, туыстары алғашқы көмек көрсетуге қанша тырысқанымен, бала тілін жұтып қойған. Анасының айтуынша, қызының денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған.

Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы оқиғаға дәрігерлер тарапынан да кінә барын мойындап отыр. Жедел жәрдем «дене қызуы бар» деп шақырылған. Бірақ қоңырау қабылдаған диспетчер шақыруды дұрыс тіркемей, ол көмекті аса қажет етпейтін категориямен жазылып кеткен. Одан бөлек, алғашында баланың мекен-жайы дұрыс хабарланбаған. Салдарынан жеделжәрдем 49 минуттан соң ғана жеткен.

Жақсыбек Кемал

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
21:05, 12 қараша 2018
МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...