ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ Толығырақ

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІНЕ ЖОЛ БЕР!

20:05, 15 тамыз 2019

Қозғалыс кезінде жедел жәрдем көлігіне жол беру - сіздің азаматтық парызыңыз! "Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі полиция бөлімі және денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп,осы мақсатта шара өткізді.  Акцияның мақсаты - жүргізушілерді жауапкершілікке шақыру. Олардың саналарына адам өмірін сақтауда жедел-жәрдем автокөлігіне әр секунд маңызды екенін түсіндіру. Акция барысында жол жүру ережесін бұзып, жедел-жәрдем автокөлігіне жол бермеген автокөлік иелеріне әкімшілік хаттама толтырылды. Темір тұлпар тізгіндеген әр жүргізуші жедел жәрдем көлігіне жол беру арқылы науқастың өмірін сақтап қалады.  Кейде осы жағдайға байланысты түсініспеушіліктің болатыны жасырын емес,-дейді мамандары.

МҰХТАРИТА САҒЫНДЫҚОВА /"АҚТӨБЕ - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕ БАСШЫСЫ

Жедел медициналық қызметтің негізгі міндеті - шақырылған жерге дерге кезінде жетіп, адам өімірін сақтау.  Неғұрлым оқиға орнынан тезірек келсе, соғұрлым адам денсаулығы менен өмірін сақтауға мүмкіндік жоғары. Біз акция барысында жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға шақырамыз.
Мәселен, мына "KIA" маркалы жеңіл көлік жедел жәрдемге Сәңкібай батыр даңғылында жол бермегені үшін тоқтатылды. Заңды белшесінен басқан жүргізушіге айыппұл салынды.   Шара барысында жол патрульдік полиция қызметкерлері 3 жүргізушіге әкімшілік-хаттама толтырды.

РЫСҚАЛИ ҚОЙШЫБАЕВ /ПБ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ

Акцияда 3 автокөлікке жеті айыппұл көрсетілімде айыппұл салынды. Яғни жүргізушілер бір жетінің ішінде төлеуге міндетті. ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтың 598 бабының 1-тармағымен айыппұл салынды.

Мұндай шаралар жиі өткізілмек. Рейд ұйымдастырушылары көлік тізгіндеген әр жүргізуші ойланып, дұрыс қарекет қылса дейді. Өйткені, адам өмірін арашалауға асыққан жедел жәрдем көлігі сіздің жақыныңызға бара жатуы әбден мүмкін.

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
22:25, 3 сәуір 2020
ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
Толығырақ...