ШҰҒЫЛ! ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ Толығырақ

ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАЛАР ЛИЦЕНЗИЯ АЛУЫ ТИІС

23:23, 28 ақпан 2020


Жеке балабақшалар лицензия алуы тиіс. Бұл талап қайта күшіне енеді. Өңірлік комминикациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осы және өзге де  жаңашықтықтар мен ережелер туралы айтылды. Білім саласындағы тексеру нәтижесі мен "Педагог мәртебесі туралы" Заңның талаптары  келесі сюжетте.  Мектептерде тексеру жұмыстары бәсеңдеп, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті көмектесуге көшті. Материалдық - техникалық базаны нығайту, оқу-әдістеме құралдарымен қамтамасыз ету стратегиясы жасалып, педагогтардың біліктілігін арттыру маңызды. Бұл пилоттық жобаға еліміз бойынша 10 мектеп енді. Келер жылы мектептердің 20 пайызы қамтылады. Бұл 2020-2025 жылдардың жоспары. Баспасөз мәслихатында жеке балабақшалар мәселесі қозғалды. Енді талап күшейіп, лицензия алу міндеттеледі. Десек те мектептердегі білім сапасы назардан тыс қалмайды. Департамент өткен жылды қорытындылап, мектептердегі кемшіліктерді атады.   "Педагог мәртебесі туралы" Заң мұғалімдерді материалдық әрі моральдық тұрғыда қолдауға бағытталған.  Заң нормалары сақталмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ұстазға да талап күшейеді. Мұғалім педагогикалық этиканы бұзған жағдайда оның мінез-құлқы арнайы кеңесте қаралатын болады.
 
Әсем Самбаева

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
22:25, 3 сәуір 2020
ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
22:18, 3 сәуір 2020
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар