ШҰҒЫЛ! 500 МЛРД ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ Толығырақ

Жекпе-жектен чемпионат өтеді

17:33, 11 қаңтар 2018

Ақпан айында Ақтөбеде аралас жекпе-жектен облыстық чемпионат өтеді. Бүгін федерация өкілдері 2017 жылдың қорытындлысын жариялады. Қазір спортшылар республикада биыл өтетін бірнеше жарысқа дайындық үстінде. 

Өткен жылғы көрсеткіштер көңілге қонымды. Қоян-қолтық спорттан ересектер арасында өткізілген жарыстарда екі, жастар арасында үш бірдей ақтөбелік чемпион атанған. Ал, 40-қа жуық жасөспірім 4 алтын мен 9 күміс және 26 қола медаль иеленген. Жекпе-жектен жетістік мол.  

Айдын Төлепбаев үшін 2017 - жүлделі жыл болды. Бас қолбасшысының жүлдесі үшін өткізілген халықаралық турнирде, өз салмақ дәрежесі бойынша бірінші орын алса, бұл жеңісін Тәжікстанда өткен Азия чемпионатында тағы қайталады. Ол қазір көптеген  ақтөбелік жастардың спортқа ден қойғанын айтады.  Бұл Елбасының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасының көрінісі дейді. 

Қазір спортшылар, ақпанда өтетін кезекті облыстық чемпионатқа дайындалып жатыр. Одан кейін республикалық деңгейде өтетін бірнеше жарыстарға да қатысамыз дейді.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

 ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ҮШІН БІР АПТА УАҚЫТ БЕРІЛДІ
20:19, 16 шілде 2018
ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ҮШІН БІР АПТА УАҚЫТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар