ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН ТЫЛ АРДАГЕРІ

18:07, 9 мамыр 2019

Жеңіс мерекесінде соғыс ардагерлерімен қатар тыл еңбеккерлері де құрметке бөленді. Теміржол саласының ардагері  Дәметкен Әлмұратованы Қазақстан теміржолы жүк тасымалы облыстық филиалының  басшылығы құттықтап барды.
Кеңес әскерінің  қайсар ерлігі  ешқашан ұмытылмайды. Жеңісті жақындатқандар қатарында қарапайым жұмысшы халықтың үлесі зор. Жүздеген  кәрі мен жас, әйел мен бала  тәулігіне  24 сағат  еңбек етті.  Өздері мұқтаж бола тұра, диқандар соғысқа вагондап нан жіберсе, зауыттағы жұмысшылар тәуліктеп станокта  тұрды.  Ақтөбенің теміржолшылары да бұл істен шеттеген жоқ.  Еңбек ардагері Дәметкен Әлмұратова  қазір 95 жаста. Соғыс басталғанда  17 дегі өрімдей қыз  теміржолда жол бұрушы, кезекші  болып жұмыс жасады. Май шаммен отырып  тоқыған шұлық,  қолғаптардың есебі жоқ,- дейді Дәметкен әже. Жұбайымен 6 бала өсіріп, олардан тараған немере, шөберенің қызығын көріп отырған кейуана қазіргі бейбіт заманға шүкіршілік етеді.
1945 жылдың 9-шы  мамырында    Дәметкен Әлмұратова   кезекшілікте болады. Радиотораптан жеңіс туралы естіген бойда,   разъездегі барлық үйлерді аралап, сүйінші сұраған. 
Өңірдің теміржол  жүк тасымалы бөлімшесінде   қазір 1 соғыс, 2 тыл ардагері бар. Сала басшылығы оларды ұмытпай  айтулы мерекелеріде құттықтап, көңілірені аулап, сый сыяпат жасап тұрады. 
 Венера Серғазы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...