Жер телімдерін сатудан бюджетке 280 миллион теңге түсті

Бүгін қалалық әкімдікте ағылшын әдісі бойынша аукцион өтті.

17:06, 11 тамыз 2017   145

Жалға беру үшін 14  жер учаскесі шығарылды. Жер қатынастары бөлімі мамандарының айтуынша, жер телімдері тұрғын үй, сауда және өнеркәсіп нысандарын салуға арналған. Жалдау мерзімі 3 жыл.  Жер телімдерінің жалпы көлемі 1,7 гектар. Алғашқы құны- 1,3 миллион теңгеден басталады. 

Аукционға жалға берілетін 14  жер телімі шығарылды. Оны-  жарнама стелласын, сауда павильонын, дәріхана, шаштараз, сауықтыру кешені, сауда орталығы секілді кәсіпкерлік нысандарына пайдалануға болады. Сондай-ақ, өндірістік база салуға да болады. Жыл басынан жергілікті билік 66 аукцион  өткізіп, қала қазынасына 280 миллион теңге пайда түскен. Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта жер учаскелерін жалға алушылар қатары артқан.  

Бүгін аукционға шығарылған учаскелердің жалпы көлемі 1,7 гектар. Қаланың іші және қала маңындағы шағын таудандардан беріледі. Жалға берудің бастапқы құны -1,3 миллион теңге. Ағылшын әдісі бойынша ниеттілер қатары артса бағасы да көтерілетін болады.   

Ұлағат Арғынұлы

 

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44