ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛУЫ МҮМКІН

12:44, 3 ақпан 2020

 

Елімізде бала күтіміндегі әйелдерге 3 жылға дейін жәрдемақы төленуі мүмкін.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі президенттің осы және өзге де тапсырмаларының қалай іске асатынын жеткізді. Жалпы Біржан Нұрымбетовтың ведомствасына жүктелген шаруа көп. Шетелдік пен отандық жұмысшылардың жалақысын теңестіру, зейнетақы қорындағы қаржыны мерзімінен бұрын пайдаланудың механизмін құру.  Маңызды міндеттерді министр қалай жүзеге асырмақ? Тілшіміз айтсын. Зейнетақы қорындағы қаржыны оқуға немесе пәтер алу үшін  пайдалану туралы бастама көпшілікті елең еткізгені анық. Өйткені шетелде оқысам немесе баспана алсам деп ниеттенген жұрттың көбі жетпеген қаржыны осы қордан алуға үмітті. Қазір онда 10 трлн теңге бар. Десе де жинағына барлығы бірдей қол жеткізе алмайды. ГРАФИКА: Мәселен 30 жасқа дейінгі ер адам қордан ақша алу үшін шотында 6 миллион 700 мың теңге болуы керек. 40 жасқа дейінгі азаматта 6 миллион 800 мың. Ал 50 жасқа дейін 7 миллион 200 мың теңгеден кем болмауы тиіс. Сонда ғана осы қаржыдан артылғанын ала беруге болады. Елімізде мұндай 113 мың адам бар. Олар жалақысы жоғары, қордағы ақшаны қажет етпейтін азаматтар дейді сарапшылар. Сондықтан ақша мұқтаждарға бұйыруы үшін, жиналуы тиіс қаржы көлемін азайтуды ұсынған. Бірақ, бұған министрдің жауабы дайын. 
  БІРЖАН НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ
 Оны төмендету біз айтамыз ол өте күрделі. Оны төмендетсек, сіз ертең зейнет жасына жеткенде ең төменгі мөлшерде де ала алмай қаласыз. Сондықтан егерде біз жаңағы осы артығын алатын адамдардың санын арттыру керек десеңіздер оны бір басқа әдіспен қарастыруымыз керек.
Қарастыру керек дегенмен, шеткі меженің өзгере қоюы екіталай дейді Нұрымбетов. Есесіне бала күтіміндегі әйелдерге енді 3 жылға дейін жәрдемақы төленуі мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қазір бұл ұсыныстың жан-жақты талқыланып жатқанын жеткізді.
БІРЖАН НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ 
  Қазір мұндай жәрдемақы бала бір жасқа толғанша ғана төленеді. Біз бала бір жарым немесе үш жасқа  толғанша жәрдемақы төлеуді созу мәселесін көтеріп, тиісті есептеулер жүргізіп жатырмыз. Бұл қисынды болар еді. Бүгінде 387 мың ана бала күтімі бойынша жәрдемақы алады. Оның көлемі жұмыс істемейтін әйелдер үшін 15 пен 24 мың теңгенің аралығында. Ал жұмыстан декреттік демалысқа шыққан келіншектер жалақысының 40 процентін жәрдемақы ретінде бір жыл бойы алады. Енді оны 3 жылға дейін ұзарту бастамасы қолдау тапса,  заң жобасын әзірлеп, оны парламенттің қарауына енгізбек.
- Шетелдік пен отандық жұмысшылардың жалақысын теңестіріп, ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру де министрдің мойнында. Оның көлемі қазір еліміздегі орташа табыстың 23 процентіне тең. Енді оны 2023 жылға қарай кезең-кезеңмен 30 пайызға дейін жеткіземіз дейді министр.

Тақырып бойынша материалдар

"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
21:20, 22 мамыр 2020
"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
19:21, 18 мамыр 2020
БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
Толығырақ...