ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ

20:21, 16 қазан 2019

Жылыжай өнімдері халыққа тиімсіз. Ірі қара еті экспортқа шыққанымен, жергілікті халыққа жетпей отыр. Азық-түлік бағасы тұрақты емес. Осы мәселелер бүгін облыстық қоғамдық кеңесте талқыланды. Еске салсақ, кеңес мүшелері көтерме сауда орындары мен ірі гипермаркеттерді аралап, әлеуметтік тауарлар бағасының мониторингін жүргізген болатын. Бүгін олар осы жұмыстың нәтижесін мәлімдеді.  Баға саясатын бақылау үшін комиссия мүшелері өңірдегі "Дина", "Анвар" сияқты ірі сауда желілерін, "Табыс" коммуналдық базарын, мал базарын және 41-ші көтерме сауда орнын аралады. Барлық жерде қажетті тауарлар бағасында айтарлықтай айырмашылық жоқ, мониторинг жұмысының нәтижесіне орташа деген баға берді. Алайда, олар жалақы көтерілген кезде, баға да шарықтайтынына алаңдаушылық білдірді. Ал, облыстық мәслихат депутаты Асқар Садықов бірқатар өткір мәселені қозғады. Газбен қамту, тариф бағасы, ет экспортын тілге тиек еткен ол бағаны тұрақтандыруға монополияға қарсы мекемелердің қауқары жетпей отыр деп түйіндеді. Қазірде Ақтөбе облысы Қытай, Ресей, Армения секілді елдерге ет экспорттап жатыр. Және де оның көлемін жылдан-жылға арттыруды көздейді. Алайда, бұл мақтанып айтарлық жағдай емес. Жергілікті халықтың аузынан жырып, шетелдіктерге ұсыну - тиімсіз, әрі ет дефицитін тудыратын әрекет дейді қоғамдық кеңес мүшелері.Осындай мәселелердің жауабын жергілікті басқарма өкілдерінен ала алмаған қоғамдық кеңес Үкіметтен талап етуіміз қажет деді.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА 112 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН
14:15, 15 қараша 2019
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА 112 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ ПЕН СЕРГЕЙ МОРОЗОВ JASTAR-ҒА КЕЛДІ
12:22, 9 қараша 2019
ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ ПЕН СЕРГЕЙ МОРОЗОВ JASTAR-ҒА КЕЛДІ
Толығырақ...
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...