ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ЖЕТКІЛІКСІЗ

17:34, 20 тамыз 2019

Биыл өңірде жергілікті көкөніс өнімдері өте аз. Көтерме сауда орындарындағы тауарлардың басым бөлігі - Ресейден. Бүгін облыстық қоғамдық кеңес мүшелері көтерме және бөлшек сауда орындарындағы азық-түлік бағасына мониторинг жүргізді. Қаладағы  ірі сауда желілерін аралап, бірінші қажеттілік тауарларының құнына көз жүгіртті. Халық күнделікті тұтынатын көкөністер көршілес мемлекеттерден тасымалданып жатыр. Өңірдегі көтерме сауда орнында картоп Ресейдің Астрахань, сәбіз Волгоград, қырыққабат Самара облыстарынан әкелінеді. Ал пияз - Жамбыл облысінікі. Жергілікті өнім тұрғындар үшін қолжетімсіз.  Көкөніс пен жеміс-жидектің науқаны болса да олардың бағасы арзандамай тұр. Сауда желілері көтерме бағамен картопты 75, сәбіз бен қырыққабатты 100, пиязды 80 теңгеден сатып алуда. Тұтынушыларға олар 40, 50 теңге үстемақы қосады.  Халық азық-түлікті супермаркеттерден сатып алады. Осы себепті қоғамдық кеңес мүшелері  жабық сауда орындарына бас сұқты. Күнделікті тұтынатын тауарлар қатарындағы тағамдардың бағасын салыстырды. Қазір мұнда орташа бағамен нан 69, 1-ші сортты ұн 116, қант 196, күріш 297, жұмыртқа 253 теңге. Жергілікті сұйық май 370 теңгеден.   Сараптау тобы жергілікті нарықтағы баға саясатын одан әрі бақылауға ниетті. Бірнеше аудандарды да аралайды. Азық-түлік құнының мониторингін жүргізу жұмыстарымен қатар тұрғындар арасында сауалнама жүргізіледі. Бұл жұмыстар "Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту" жобасы аясында өткізілуде. 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
20:45, 23 қазан 2019
ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
Толығырақ...
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...