ШҰҒЫЛ! 7 жасар спортшы әлемдік рекорд орнатпақ Толығырақ

Жергілікті полиция қызметі алғашқы 6 айды қорытындылады

19:46, 10 тамыз 2017

Өңірдің криминогендік жағдайы, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі.

Сонымен қатар, полиция мен жергілікті атқарушы органдар және тұрғындармен жұмыс жасауы. Осы тақырыптарды қамтыған жиын бүгін облыстық маслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында талқыланды.

Жиын барысында жергілікті полиция қызметінің жартыжылдық жұмыс қортындысы туралы есебі тыңдалды. Жылдан-жылға полиция органдарының материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Бұл - криминогендік жағдайдың жақсаруына мол мүмкіндік беріп отыр. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылық азайған. Ұрлық, қарақшылық, бұзақылық деректері біршама төмендеді. Бұдан бөлек, ауыр және аса ауыр қылмыстың төмендеуі де байқалады. Тәртіп сақшыларының қызметіне ерікті көмекшілер қол ұшын берді. Алайда, оң шешімін таппай отырған өзекті мәселелерде жоқ емес. Мәселен, мал ұрлығы мен көлікті тонау деректері азаймай отыр. 

ҚАНЫБЕК СИСЕНҒАЛИЕВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ

- Үй аулаларында көліктерге арнайы тұрақ көп жағдайда  қарастырылмаған, машиналар тым көп. мұның бәрі көлікті тонау фактілерін көбейтіп отыр. Бұл мәселе тұрғындар тарапынан өте жиі көтеріледі. сондықтан осы сұраққа барлық жауапты мемлекеттік органдардың назарын аударғымыз келеді. әсіресе автотұрақтарды ашу, жарықтандыру мәселелері шешімін тезарада тапса екен дегіміз келеді. Мал ұрылығы 18 пайызға азайғанымен әлі де болса өзекті. Малды ұрылар негізінен жайылмнан алып кетіп жатады

Жиынға қатысқан депутаттар, қоғамдық ұйым өкілдері тарапынан  қордаланған мәселелер қозғалды.

Жиында селолық округтердегі учаскелік пункттердің техникалық құралдармен жабдықталуы, және ауылдық округтердің тыныштығын күзеткен инспекторлардың тұрғын үй мәселесін шешу туралы сұрақтар тыңдалды.

Венера Серғазина, Арман Досмағанбетов

Тақырып бойынша материалдар

7 жасар спортшы әлемдік рекорд орнатпақ
18:28, 12 желтоқсан 2017
7 жасар спортшы әлемдік рекорд орнатпақ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
18:11, 7 желтоқсан 2017
Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
Толығырақ...