ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ЖИЫРМА ЖАРҚЫН ЖЫЛ

18:16, 24 мамыр 2019

20 жарқын жыл. Қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қорының құрылғанына 20 жыл толды. Мыңнан аса мүшесі бар қоғам мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғап, көптеген мәселелерді шешуге ат салысып келеді. Облыста ғана емес, еліміз бойынша кедергісіз орта қалыптастыруға үлес қосты. "Жұбановтар әлемінде" өткен салтанатты шараға қоғам мүшелерін облыс әкімі Оңдасын Оразалин құттықтап барды. 

1999-шы жылы бір топ  мүгедек жан қоғамдық бірлестік ашып, "Қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау қоғамы" деп атау береді. Осы істің басы қасында арбаға таңылғанымен, ерік-жігері мұқалмаған қайсар жан Құралай Байменова тұрған еді. 20 жылда қоғамның қанаты қатайып, қатары толықты.

ВЕНЕРА СЕРҒАЗЫ ТІЛШІ 

Қоғам мүшелерінің арасында талантты адамдар көп. Параалимпиада ойындарының жүлдегерлері, сұлулық байқауларының арулары, автошерудің жеңімпаздары да осында. 

Қазақстанның еңбек ері Құралай Байменова құрған қоғамдық бірлестікте отбасылы, балалы болған жандар да бар. Олардың бірі Сымбат Нығметова да өз бақытын осы қоғамнан тапты.

Талайдың тағдырын өзгерткен өміршең жандар 20 жылда ақтөбеліктердің мүгедектерге деген көзқарасын түбегейлі өзгертті. Сонау қиын-қыстау жылдары биліктің мойнын бұрғызды. Арбадағы адамдарға қолайлы тұрғын үй салды. 100-ден астам әлеуметтік іс-шара өткізді. Қазақстанда мүгедек жандар арасындағы алғаш рет сұлулық байқауын ұйымдастырды, "Өмір-қозғалыс" атты автоспорттан жарыс өткізіп, инватакси қызметін ашты. "Алтын жүрек" атты мүгедек балалар арасында байқау да дәстүрге айналды.  Бүгінгі шара барысында 20 жылдық жұмыс қорытындыланып, қоғам мүшелері сый-құрметке бөленді. Оларды құттықтаған облыс әкімі бірлестік ғимаратындағы компьютерлік техниканы  толығымен жаңартып береміз деді.  

20 жылда қоғам жанынан бірнеше бірлестік ашылды. "Дар" волонтерлер клубы, "Алаш" жастар қоғамы жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгін мерейтой иелерін әріптестері, достары, серіктестері құттықтап, ақ жарма тілектерін жеткізді.  Айта кетсек, "Ақтөбе телеарнасы" да мүгедектер қоғамымен тығыз қарым-қатынаста, ортақ  жобалар жүзеге асуда. 

Жұбановтар  әлеміндегі салтанатты шара одан әрі қоғам мүшелері дайындаған концертке ұласты.

Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕСІ  АЛАҢДАТАДЫ
20:52, 16 қыркүйек 2019
ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕСІ АЛАҢДАТАДЫ
Толығырақ...
IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮРЛІ САЛАДА ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ
20:46, 16 қыркүйек 2019
IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮРЛІ САЛАДА ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
20:10, 10 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:15, 10 қыркүйек 2019
ЕЛБАСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...