ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ Толығырақ

ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЗА БОЛҒАНДАР КӨП, БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК

21:17, 9 қаңтар 2019

2018 жылы елімізде жол-көлік оқиғасынан 2 мыңнан астам адам қайтыс болды.

20 мыңнан астамы жарақат алды. Сандарды мысалға келтірген Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Ішкі істер министрінің атына сауал жолдады. Осы оқиғалардың кесірінен Қазақстан Тәуелсіздік жылдары 82 мыңға тарта адамды жоғалтты, ал зардап шеккендер жарты миллионға жетіпті.  Депутат қалыптасқан жағдайды кешенді түрде шешу керектігін айтып, шаралар қабылдау қажеттігіне тоқталды.

ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ 

- Жол-көлік оқиғаларының көбісі көліктегі ақау немесе жол инфрақұрылымы жағдайына байланысты емес. Жолдағы апаттың басым бөлігі жол қозғалысындағы адамдардың, жүргізушілердің кінәсінан. Бұл өз кезегінде барлық аварияның  95 пайызын қамтып отыр.

Казанцевтің әріптесі Артур Платонов болса  Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстан соң елімізде қауіпсіздікке назар аудару қажет деді. Мәселен, жаңа жылдың алғашқы күндері Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты жатақханаға жақын жерде газ толтырылған цистерна жарылған.  Жалпы былтыр осыған ұқсас 80 төтенше жағдай тіркеліпті. Оның тең жартысы газ балонынан. Сорақысы сол, бұған ешқандай бақылау жүргізілмейді.

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
22:06, 20 маусым 2019
ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21:49, 20 маусым 2019
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
21:41, 20 маусым 2019
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар