ШҰҒЫЛ! COVID-19: 9 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

14:08, 29 шілде 2020

Облыстағы табиғат жанашырлары экология министрлігінің мамандарымен бірге жол картасын әзірлейді. Бұл туралы министр Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады. {МӘТІНДІ ОҚУ} "Ақтөбе облысы жұртшылығы өңірдегі экологиялық ахуал туралы  әлеуметтік желіде бірқатар мәселелер көтеруде. Бүгін эко-белсенділермен, жұртшылықпен осы себеппен онлайн-кездесу өткіздік. Қатысушылар атмосфералық ауаны мониторингілеу, ластаушы көздер туралы толғандырған мәселелерді, сондай-ақ проблемаларды шешудегі өз көзқарастарын білдірді", - деп жазды министр. Енді эмиссияларды қысқарту, жасыл белдеуді дамыту, өндіріс қалдықтарын залалсыздандыруға бағытталған жол картасы әзірленіп, бекітіледі. Бұл шаралардың барлығы әкімдікпен бірге іске асырылады. 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСАДЫ
20:00, 4 желтоқсан 2020
ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар