ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ

15:23, 27 шілде 2020

 Орталық, Солтүстік, Оңтүстік облыстар мен Ресейді Батыс аймағымен  байланыстыратын Ақтөбе-Орал-Астрахань көлік дәлізінің бір бөлігі қолданысқа беріледі. Биыл 330 шақырымы іске қосылмақ... Қазір отандық мердігерлермен қатар бірнеше шетелдік жол құрылысы компаниясы асфальт жамылғысын төсеп жатыр. Бір айдың көлемінде Ақтөбеден Орал, Атырауға бағытталған көліктер 400-500 шақырым жолға кетер уақытты үнемдейді... Халықаралық дәліз құрылысы туралы тілшіміз айтып береді. 
Ақтөбе-Орал-Астрахань тас жолының құрылысы 2018 жылы басталды. Биыл оның 330 шақырымын жаңалау жоспарланған. 4 мердігер мекеме тартылды. Мәселен, жолдың 160-220-шы шақырымы аралығын жөндеуді түрік компаниясы қолға алған. Бұл аралық Ақтөбе облысы Темір ауданының еншісіне кіреді. Мердігер тас жолдан бөлек аудан орталығы Шұбарқұдық ауылына кіреберіс жолды да жөндеп бермек. 
БАРЫШ АРСЛАН
МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ
-Сентябрьдің 25-не үлгереміз бұйырса... 
-Әлі неше слой бар, неше қабат бар әлі? -Осы учаскеде үшінші слой жасап жатырмыз. 45 шақырым жол қалды. Августтың аяғына дейін осы жолды жабамыз. Біздің бір учаске бар, Ноғайты жақта да августтың аяғында бастаймыз үшінші слойды...
60 шақырымдық жолдың ені 9 метр. Екі жолақты. Асфальт жамылғысының биіктігі 27 см. Бүгінде екі қабаты төселген. Техникалық бақылаушы мамандар құрылыс - халықаралық тас жолдың талаптарына сай жүргізіліп жатыр,- дейді. Біткен соң олқылықтар анықталған жағдайда, екі жыл ішінде мердігер оның орнын толтыруы тиіс. Жол құрылысына Темір ауданының тұрғындары тартылды. Шикізат та жергілікті өнім. 

МАРАТ МАХАМБЕТОВ
"ҚАЗАВТОЖОЛ" ҰК" АҚ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 
Үстіңгі қабатын бітіріп, қосалқы жұмыстар жүргізіле бастайды. Ол жолды белгілеу, жаңағы разметка деп айтамыз гой, сол жолды белгілеу, одан кейін барьерлік қоршаулар салу, оботчинаны дұрыстап жасау, мына жанындағы... одан кейін жол белгілерін қою жұмыстары бар. Және өзіңіз кқргендей ана қыс мезгілінде қар баспас үшін темірбетонды заборлар қойып жатыр. Осы жұмыстар толығымен бітетін болады.    
Қазірде Ақтөбе облысынан Орал, Атырау, Ресейге қатынау қиынға соғып тұр. Өйткені көліктер айналма жолмен өтуде. Мәселен, Орал қаласына жету үшін 1000 шақырымды артқа тастауы қажет. Ал, жаңа жол іске қосылса уақыт үнемделіп, 500 шақырымға қысқармақ.   

ГУЛЬНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі
09:19, 2 тамыз 2020
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі кө...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар