ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАППАҚ

18:48, 11 қараша 2019

Мәскеу ауданы, Тұрар Рысқұлбеков көшесінің тұрғындары жол сапасының нашарлығын алға тартып, шағымданған болатын. Әсіресе, күз, көктем айларында тұрғындар балшықтан аяқ алып жүре алмайды. Балалардың да мектепке жетуі қиын. Бұл мәселе Нұр Отан партиясының назарына ілігіп, бүгін партияның бақылау комиссиясы осы мәселені қарады. Тұрар Рысқұлбеков көшесінің ұзындығы 859 шаршы шақырым. 60 пайызы асфальтталған. Көлік қатынасына кедергі жоқ. Бұл екінші дәрежелі жол. Сондықтан жартысына тас жол төселмеген. Жаяу жүргінші жолын жөндеуге де қаржы қарастырылмаған, себебі жоспарда жоқ. Бұл көшеге қоғамдық көлік қатынамайды. Мамандар қоғамдық көлік жүретін жолдарды жөндеуге ғана басымдық берілетінін айтты. Тұрар Рысқұлбековтен өзге Мәскеу ауданында жөндеуді қажет ететін 20 көше бар.Мәскеу ауданының тұрғындары көше жолын жөндеуді сұрап талай шағымданды. Халық талабын орындау үшін мәселе бірнеше мәрте қаралған болатын. Жиында жауапты қызметкерлер 2020 жылдың жоспарына Рысқұлбеков көшесінің жөндеу жұмысын енгізгелі отыр.  Мәскеу ауданындағы көше жолдарын жөндеуде қиындықтар бар, дейді мамандар. Көше бойындағы үйлер төмен орналасқан. Көлік жолы биік. Сондықтан, жол жиектемелерін салар кезде екі жақты теңестіру оңай болмасы анық.  

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...