ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ЖОЛ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

18:25, 21 мамыр 2020

Биыл қаладағы 100-ге жуық көше жөнделеді. Қазір тең жартысында жұмыс басталды. Басым бөлігіне асфальт салынады. Бір маусым өткен соң жол қайта ой-шұңқырға айналмас үшін қала әкімшілігі жамылғы төселген бойда жол сапасын тексеруді қолға алған. Жылжымалы зертхана бірден сынама алып, нәтижесін шығарады. Мердігер мекемеден қате кететін болса, жоба қабылданбайды. Бүгін зертхана Сүт зауыты ауданындағы көшеге барды. Нәтижесін көрейік... 
3 мың шақырымды құрайтын Зинченко көшесінің құрылысы 5-ші мамырда басталды. Қазір асфальт жамылғысының 1-ші қабаты төселді. Осы жаңбырлы күндерден соң екінші қабаты төселеді. Бүгін жылжымалы зертхана асфальт жамылғысының сапасын тексерді.  
Көргеніміздей асфальт жамылғысының қалыңдығы стандартқа сай келіп тұр. Ал сапасы енді тексеріледі. 
ТЕЛЬМАН МАЛАЕВ
"ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ" РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 
Алынған керндердің сапасын лаборотиялық құралдармен тексеру ол лабораторияда жүргізіледі...
Мына асфальттің үстіне тағы да 5 см қалыңдықта асфальтті бетон жамылғысы төселеді. Жол ені 8.10 метр. 41-ші разъездегі теміржол өтпесінен Атырау көшесіне дейінгі аралықтағы Зинченко көшесінде қазір көлік қатынасы шектелмеген. Жөнделіп жатқан жолдың кепіл мерзімі - 2 жыл. 
Көшенің бір жағына тротуар салынады. Жөндеу жұмысына 265 млн теңге жұмсалмақ. 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ОГРАНИЧЕННЫЕ  ВОЗМОЖНОСТИ  НЕОГРАНИЧЕННЫХ  ЛЮДЕЙ
19:46, 27 мамыр 2020
ОГРАНИЧЕННЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕОГРАНИЧЕННЫХ ЛЮДЕЙ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар