ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫС УАҚЫТЫЛЫ ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ЖОЛ САПАСЫ ҚАТАҢ ТЕКСЕРІЛЕДІ

20:11, 26 наурыз 2020

Қала көшелеріндегі күрдегі жөндеу жұмыстары сәуірде басталады. Ал, кепілдігі бар жолдарды мердігер мекемелер өз қаржысына қайта қалпына келтіреді. Қала басшысы Асхат Шахаров жүргізушілердің жүйкесін жұқартып, қалтасын қаққан мәселені қайта көтеріп, өзі де бірқатар көшені аралап шықты. 
Биыл қаланың 23 көшесі күрделі жөндеуден өткізіледі. Оған Әз Наурыз, Әуежайдан бастау алатын Бөкенбай батыр көшесінің құрылысы кіреді. 11-ші шағын аудандағы көпір де жоспарда бар. Ал, дәл қазір қала билігі сапасыз жол салған мердігерлерге олқылықты жөндеуді тапсырып жатыр. Бүгінде Ақтөбеде 86 мың көлік тіркелген. Жүргізушілер жол сапасына наразы. Ендігі жерде тапсырылған жолдардың сапасы қатаң тексерілетін болады. 
Қала маңындағы елді-мекендер де сырт қалмайды. Ақжар - 2, Кірпішті, Жаңақоныс ауылдарының жолдары мамыр айынан бастап жөнделеді. Мердігер мекеме әлі белгісіз. Биыл қала көшелері мен көлік жолдарына республикалық және жергілікті бюджеттен 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.  


ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
16:42, 30 маусым 2020
25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
Толығырақ...
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
21:33, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ТАҒЫ 34 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
16:25, 30 маусым 2020
ӨҢІРДЕ ТАҒЫ 34 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...