ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

Жолда қалған 147 адам құтқарылды

18:48, 8 ақпан 2018

Биыл қыс басталғалы жолда қалған 150-ге жуық адам құтқарылды. 6 іздестіру жұмыстары жүргізілді. Олар боранды күндері адасқан малшылар мен алыс жолға шыққан жолаушылар. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Әйтседе, өрт салдарынан қайтыс болғандар бар.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өткен жылды қорытындылап, есеп берді. Қыс басталғалы 15 апаттық құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізген.  Бұл үшін 86 адам, 22 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 147 жолаушыны аман алып қалды. Оның 107-сі шет ел азаматтары.

ҚАЙРАТ ҚАСЫМ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Біз жол қызметімен, Қазгидромет орталығымен және басқа да құтқару қызметтерімен байланысты нығайту жоспарын жасадық. Жақында ғана Қазгидромет мамандарымен бірге, Елек, Қарғалы өзендеріндегі бекеттерді тексеріп шықтық. Түскен қардың мөлшері өткен жылмен салыстырғанда тиісті нормадан екі есе аз. Дегенмен, су арналарын бақылауда ұстап отырмыз. 

Қыс басталғаннан бері 21 дабылды ескертпе жарияланды. Үш рет жолдар жабылды. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алда әлі ақпанның ақтүтек борандары бар. Бірақ айтарлықтай қалың қар күтілмейді. Деседе, төтенше жағдай қызметкерлері көктемгі су тасқынының алдын алу үшін сақадай сай отырмыз деп сендірді. Ал, өрт оқиғасының саны  өткен жылмен салыстырғанда біршама артқан.

Биыл қаңтар айында 51 өрт оқиғасы тіркелді. 5 адам жарақат алып, 1-еуі оқиға орнында көз жұмды. Айта кеткен жөн, құтқару жұмыстарына "Қазақавтожол" серіктестігінің жеке құрамы жұмылдырылды. 140 жылыту пункті бар. 7500 тонна инертті материал мен 316 тонна жанар-жағар май әзірленді. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
21:05, 12 қараша 2018
МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...