ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

ЖОЛДАУ ЖӘНЕ ЖОЛДАР

17:25, 8 қазан 2018

Елбасы жолдауында ел аймақтарындағы жолдардың мәселесін де көтерді. Жолдарды жөндеуге қазынадан қыруар қаражат бөлуді және оны сапалы игеруді жергілікті атқарушы билікке тапсырды. "Әкімдер осы қаражаттың есебінен өңірлердегі мейлінше өткір проблемаларды шешуге күш жұмылдыруы керек", - деді. Ал Ақтөбе облысында жол құрылысы соңғы жылдары қарқынды жүріп жатыр. Жолдау бұл жұмысқа тың серпін береді дейді сала мамандары.

Қазақстанда 2015 жылдан бастап 2400 шақырым автомобиль жолы салынды және қайта жөнделді. Президент Жолдауда 2020 жылға дейін тағы қосымша 4600 шақырым жол пайдалануға беріледі деді. Елбасы биыл өңірлердегі жергілікті маңызы бар жолдарға 150 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлінгенін айтап өтті. Жолдау жүктеген міндеттер тоғыз жолдың торабында тұрған Ақтөбе облысын да айналып өтпесі анық.

Биыл Ақтөбе облысында 400 шақырымнан астам жол жөнделеді. Жалпы бізде республикалық, облыстық маңызы бар жолдардың тең жартысы  жөндеуді қажет етеді. Экономиканың күретамырына қан жүгіртетін саланың ақсап тұрғаны жөн емес. Сондықтан бұл мақсатқа облыста 42 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Тағы бір айта кететіні Ақтөбеде қазіргі жол құрылысына  инновациялық технологиялар енгізілуде. Мысалы, 190 шақырымды құрайтын Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тас жолы жаңа технологиямен салынып жатыр. Бұл әдіс  экономикалық тұрғыдан тиімді әрі тез дейді мамандар.  Ал құны 4 миллиард теңге болатын Оңтүстік айналма жолды қайта жөндеу  -  транзиттік көліктер үшін әсіресе тиімді.  Сол сияқты Ақтөбе мен Ресейдің Жаманқаласын жақын ететін жолдың қазір 54 пайызы жөнделіп бітті.Және алдағы үш жылда Ақтөбе-Атырау тас жолының құрылысын аяқтау көзделіп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
17:38, 12 желтоқсан 2018
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
Толығырақ...