ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЖОСПАР ІСКЕ АСТЫ

21:39, 12 ақпан 2020

 Облыс әкімі Оңдасын Оразалин "Өнер орталығында" төрт сағат бойы тікесінен тік тұрып халық алдында қазақ тілінде есеп берді. Кездесу "Ақтөбе" телеарнасы арқылы тікелей эфирден берілді. Айта кетейік, өткен жылы барлық деңгейдегі әкімдер 500-ден астам есеп беру кездесуін өткізген. Барлығы 45 мың 200 адам қатысып, өз сұрақтарын қойды. Тұрғындарды ерекше толғандырған 26 мәселе бойынша жоспарлы жұмыс атқарылды. Мәселен, «Анаға тағзым» ғимаратында көп балалы аналарға арналған психологиялық көмек орталығы ашылды. 886 жас отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алды. Алға қаласының 10 көшесінде жол құрылысы аяқталған. Ақсай ауылдық округінің Көлтабан ауылы газдандырылды. Қарауылкелді ауылында 2 қабатты 16 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілген. Мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында Ақжар, Кемер және Ойыл ауылдарына талшықты-оптикалық байланыс желісі жүргізілді. Қазіргі кезде 4 жоба бойынша мемлекеттік органдармен қаржыландыру мәселесі пысықталуда. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

21:27, 19 ақпан 2020
ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Толығырақ...