ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

«ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2019»

18:17, 1 мамыр 2019

Ақтөбеде облыс мәдениетінің брендіне айналған дәстүрлі «Жұбановтар әуені - 2019» халықаралық ұлт аспаптар оркестрлері мен ансамбльдер фестиваль-байқауы мәресіне жетті. Бұл шараға еліміздің 9 қаласынан өзге, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстан елінен келген өнерпаздар қатысты. Әр ұлт Ахмет Жұбановтың музыкасын өз аспабында орындады. Мәселен, Тәжікстанның Душанбэ шаһарынан келген ұжым әйгілі композитордың "Қарлығашына" тіл бітірді.

Өнер орталығында өткен фестивальдің жабылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің атынан алғыс білдірді. Бұдан соң, сахна төріне түбі бір түрік ағайынның сәлемін Стамбулдан ала келген "Анадолы" ансамблі шықты. 

Айыр қалпақты ағайынның атынан "Қырғыз" ансамблі әйгілі Манас жырын тарту етті.

Байқау нәтижесі бойынша бас жүлде Ақтөбе облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен Қызылорда облыстық филармониясының «Ақмешіт» фольклорлық ансамбліне бұйырды. Өнер орталығындағы кеш марапаттау рәсімінің соңы Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің 85 жылдығына арналған «Ұлы даланың әуендері» атты концертімен жалғасты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
23:28, 21 ақпан 2020
КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
Толығырақ...