ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЖҰМЫС БОЛҒАНЫМЕН ЖҰМЫССЫЗДАР САНЫ КӨП

15:04, 8 қараша 2019

Өңірде қызмет көрсету саласында маман тапшы. Осы ретте жаңа оқу жылынан бастап  екі деңгейлі оқыту моделін енгізу  мәселесі қарастырылуда. Яғни білім алушы тегін оқумен қатар, екі не одан да көп жұмысшы мамандығын иегере алады. Жоғарғы оқу орындарында қысқартылған оқу бағдарламалы да енгізілген. Алайда кейбір жастар бұл мүмкіндіктерден бейхабар. Мамандық таңдаудан қателескендер жұмыссыз жүр. Олар қалай әрекет ету керек?  Альбина Нұрғалиева - экономика факультетін тәмамдады. Қолында дипломы бар, бірақ жұмыссыз. Өз мамандығы бойынша 3 ай еңбек етті. Есеп-қисапқа ебі болмағандықтан бас тартты. Бұл саланы таңдауға анасы ықпал еткен. Бірақ оған менеджерліктен көрі психология жақын. Бұл саланы меңгергісі келеді. Оқуға қаржы, тәжірибе жинайын десе мамандық құжаты жоқ. 

АЛЬБИНА  НҰРҒАЛИЕВА

Мен психолог болып жұмысқа орналасқым келді. Бірақ жұмыс өтілім болмағаннан кейін, мені алмады. Енді қазір екінші мамандық алуға ниет етіп отырмын. Қолымда дипломым болып, қалаған салада жұмыс жасау мен үшін арман қазірде.

Альбина материалдық жағдайына байланысты университетке түсе алмайды. Сырттай оқу бөлімі жоқ. Бірақ бұл жол жабылды деген сөз емес. Жоғарғы оқу орынында белгілі бір санаттағы абитуриенттерге қысқартылған оқу бағдарламасы бар.  

БИБІГҮЛ  ӘБЕНОВА

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ ПРОРЕКТОРЫ  

Жоғарғы оқу орындарында қашықтықтан оқыту бағдарламасы бар. Оны әскердегі сарбаз пайдалана алады. Егер студент науқас ата-анасының күтімімен үйден шыға алмаған жағдайда пайдалануға болады. Сондай-ақ 3 жасқа дейінгі баласы бар қыз-келіншектер де бұл бағдарламаны ұтымды пайдалануға болады. 

Ал, Айнұр мектеп бітірген соң тұрмысты түзеуге бет бұрды. Ата-анасына көмектесіп, бірден еңбекке араласты. Білім алатын мүмкіндік болмады. Қазір күзет саласында.Оған қоса аспазшы көмекшісі болып нәпақа тауып жүр. Асхана жұмысы жанына жақын. Енді жұмыстан қол үзбей осы саланы терең игергісі келеді. Біздің елде Айнұр мен Альбина секілді жандарға білім беру үшін бірнеше бағдарлама бар. Бастысы мүмкіндікті пайдалана білу қажет. Жұмыспен қамту орталығына жүгінсе түрлі кәсіп курстарына жазылуға болады. Қазіргі нарыққа  шаштараз, аспазшы, кондитер және бала күтушісі керек. Арнайы курс сертификаттары еңбек етуге мүмкіндік береді. Биыл 740 адам 20 мамандық бойынша қайта даярлық курсынан өткен. Осылайша, еңбек нарығына араласып, қызмет етемін деушілерге жол ашық. Жұмыспен қамту орталығы ай сайын жұмыссыздарға арналған жәрмеңке де ұйымдастырады. Мәселен, соңғы рет өткізілген бос орындар жәрмеңкесінде қаланың 15 кәсіпорны 301 бос орын ұсынды. Жәрмеңкеде кәсіп игеруге арналған курстар тупралы ақпарат алуға болады. 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:30, 28 наурыз 2020
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
15:36, 23 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...