ШҰҒЫЛ! КӨЛІГІН ТІРКЕДІ Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ - НЕГІЗГІ МІНДЕТ

17:21, 25 маусым 2020

​ Наурыз-сәуір айларында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты 4 миллионнан астам қазақстандық уақытша жұмыстан босатылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлай баспасөз мәслихаты кезінде айтты. Оның сөзінше, жыл соңында жұмыссыздық деңгейі 6 пайыз болады деп болжанған. Елімізде жұмыспен қамту бағдарламалары аясында 1 миллион 200 мыңнан астам адамды еңбекке араластыру қажет. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында - 600 мың адам, жұмыспен қамтудың жол картасы аясында - 255 мың адам, басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша 364 мың адам жұмыспен қамтылады», - деді Біржан Нұрымбетов. Ал 1-ші маусымдағы жағдай бойынша 200 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, олардың 185 мыңы жұмысқа орналастырылды. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында бос жұмыс орындарына 99 мың адам, қоғамдық жұмыстарға - 62 мың, әлеуметтік жұмыс орындарына - 13 мың, жастар практикасы бойынша 11 мың адам жұмыспен қамтылды

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден озды
19:21, 8 шілде 2020
Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден...
Толығырақ...