ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

​ЖҰМЫСШЫ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

13:40, 14 шілде 2019

Парламент мәжілісі депутаттарының аймақтағы жұмыс сапарлары жалғасуда. Бүгін олар Қазақстан мұнай жабдықтары зауытының өндірісімен танысып, зауыт ұжымымен кездесті. Жұмысшылардың жағдайы мен жалақысын сұрап, ұсыныстарын тыңдады. Зауыт басшылығы өз кезегінде өндіріс мәселесін жеткізді. Халық қалаулылары зауыттағы екі цехты аралады. Олардың бірі мұнай-газ сорғылау және шегендеу құбырларын, бірі оған қажетті бөлшектер шығарады. Үшінші цех салынып жатыр. Онда мұнай бұрғылау қондырғылары өндірілетін болады. Мұндай цехтің Қазақстанда баламасы жоқ. Құбырлар негізінен Қытайда дайындалады. Жылына елімізде 80 млн тонна мұнай, 40 млрд шаршы метр газ өндіріледі. Қазақстан мұнай жабдықтау зауыты ішкі нарықты қамтамасыз етеді және Ресей мен Қытай нарығына шығып отыр. "Зауыт елімізде орналасқандықтан, алдымен ішкі соның ішінде жергілікті нарыққа қолжетімді болуы шарт",- деді мұнай саласын жетік білетін депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов.   Компания басшылығын сұрақтың астына алған депутат жұмысшылар күшін, олардың жалақыларын сұрады. Зауыттағы жұмысшылар жалақылары 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Онда 200 қызметкер еңбек етеді. "Қазақстандық жұмыс күші басымырақ",- деді зауыт басшысы. "Қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы мен жеке басының амандығы алдыңғы мәселе болуы қажет",-деп шегеледі Бақтықожа Ізмұхамбетов. Өңірдегі ірі зауыт 5 млрд теңгеге инвестиция тартып отырғанымен  тапсырыс аз, дейді қызметкерлер. Қазір олар өндірістің 30 пайызын ғана орындап отыр. Осы мәселеле бойынша халық қалаулыларына ұсыныс жасады. Сонымен қатар, аудармашымен тілдескен қытайлық мамандарға депутат қазақ тілін меңгеру қажеттігін атап өтті.  
ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
19:05, 17 қаңтар 2020
САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
СЕНАТ ЖАНЫНАН ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
19:04, 17 қаңтар 2020
СЕНАТ ЖАНЫНАН ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ
16:26, 14 қаңтар 2020
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ
Толығырақ...
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
16:17, 14 қаңтар 2020
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...