ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

ЖҰМЫСШЫ ТОБЫ ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

17:36, 7 қараша 2018

Ақтөбе облысында 22-қазаннан басталған "Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы аясындағы насихат жұмыстары жалғасуда. Қобда ауданында жобаның жеті бағыты бойынша жұмысшы тобының өкілдері үш күн болып, елдімекен тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалардың қолдауы туралы ақпараттық көмек көрсетті.

Қобда ауданында жұмыс тобы қауіпсіздік мәселелеріне бірден бір жауапты орган - ішкі істер бөлімінің қызметкерімен кездесті. Елбасы Жолдауында айтылған міндеттер туралы сөз болды. Жолдауға қатысты пікірлер аудан әкімдігінде өткен жиында да жалғасты. Мемлекеттік қолдау түрлерін қалай алуға болатыны түсіндірілді.

Ал Қобданың жаңа гимназия мектебінде өткен кездесуде ұстаздар келесі жылы Мұғалім мәртебесі туралы заң қабылданатыны жөнінде талқылады. Жаңартылған білім мазмұнымен оқыту, әдістемені жетілдіру, ұстаз біліктілігін арттыру мәселелері туралы пікірлер тыңдалды. Бұдан соң, жұмыс тобының өкілдері "Роза" тігін шеберханасындағы жұмысқа куә болды. Қаржылай қолдаудың мүмкіндіктерін пайдаланған кәсіпкердің шеберлік сағатына жастар қатысты. Ал елдімекендерде халықтың әл-ауқатын арттыру шаралары жасалды. Азық түлік таратылып, әлеуметтік көмек көрсетілді.

Шеберлік сағаттары барлық бағытта жалғасты. Қобададағы "Мақташ" әсемдік салонында коледж оқушыларына арналған дәріс ұйымдастырылды. Кәсіп үйрету үшін Ақтөбеден мамандар арнайы барды. Қобда ауданында үш күн бойы жұмыс істеген дәрігерлердің де халыққа көп пайдасы тиді. Олар оқушылардың денсаулықтарын тексеріп, стоматологиялық көмек көрсетті. аудандық ауруханада күрделі операцияларды тегін жасады. Дәрігерлер көмегіне жүгінген тұрғындар көп болды. Ал қоғамдық тамақтану саласында кәсібін өрлеткен кәсіпкерлер қобдалық қыз-келіншектерге тәтті тоқаштар, торттың түрлерін пісірудің қыр-сырын үйретті. Кондитерлік өнімдер цехын ашуға ынталы тұрғындар Даму қорының қаржылай көмегін қалай алуға болатынын сұрады.

Тұрғындар Ақтөбе қаласынан несиеге баспана алу жолдары да қызықтырды. Банктердің өкілдері тегін кеңес берді.

Жұмыс тобының мүшелері ауданның бірқатар елді мекендеріне барып, кең көлемді түсіндіру жұмыстарын үш бойы жалғастырды. Ақрап, Жиренқопа, Қызылжар ауылдық округтерінен бастау алған кездесулерде облыстық және аудандық газеттерге тегін жазылуға арналған сертификаттар табыс етілді. Білтабан, Талдысай ауылдық округтерінде аз қамтылған отбасыларға отын, азық-түлік алуға қайырымдылық көмек берілді. «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы жұмыстарды ауданның Жарық, Өтек, Әлия ауылдарында өткізу жоспарланған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
21:05, 12 қараша 2018
МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...