
Ақтөбе хром қосындылары зауытынындағы бес жұмысшының өліміне қатысты сот үкімі шықты. Сотталушылар ақталды. Айта кетейік, өткен жылы өндіріс орнында жұмысшылар сыйымдылығы 50 текше метр болатын бакті тазартқан. Кейін біреуі ақауды көріп, ішіне кіреді. Шықпаған соң тағы үшеуі түскен. Төртеуі оқиға орнында көз жұмды. Біреуі ауруханада мерт болды. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қаралды. Цех бастығы Рустам Балтағожин, ауысым шебері Тұрар Бисембин және шебер Өтесін Мұхановқа айып тағылды. Сотталушылар өздерін ақтауды сұрады. Жәбірленушілер сотталушыларды бас бостандығынан айырмауды, жаза тағайындауды сотқа қалдырғанын айтты. Ал прокурор 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қылмыс құрамы болмаған соң сот үкімімен жұмысшылар ақталды. Олар қылмыстық жауапқа заңсызтартылғаны үшін барлық шығынын өтей алады.