ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ЖҰМЫСШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ

20:55, 30 наурыз 2020

Төтенше жағдайға байланысты  жұмыс кестесі өзгерді. Бірақ тағы да толықтырулар енгізілді.  Ауысым бойынша басқа қалада жұмыс істеп жатқан азаматтардың еңбек құқығы қорғалады. Бұл туралы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Саламат Аманбаев айтты. Қызметін қашықта атқарып отырғандар үшін де талап бар. Ал жұмысты мүлдем тоқтатуға мәжбүр болған азматтарға 42 500 теңге көлемінде ақы төленуі тиіс. Облыста еңбек саласындағы ахуал тұрақты. Дегенмен, вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқан азаматтардың кезекті демалысқа байланысты сұрағы көп. Заң бойынша ауысым уақыты 30 күннен аспауы тиіс. Сол себепті жұмыс беруші 15 күндік жұмыс кестесіне тағы қосымша 15 күн қоса алады.  Ал өзге қаладан немесе елдімекеннен қатынайтын қызметкердің тұрғылықты мекенжайына жетуі үшін арнайы тізім жасалады. 
 
САЛАМАТ АМАНБАЕВ 
ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ 
Қызметкерлердің ауысым уақыты аяқталған жағдайда мекеме тарапынан әкімшілікке хат жіберілуі тиіс. Осы орайда қала және аудан әкімшілігінде арнайы штаб құрылғандығын еске саламын. Ал хатта қызметкердің тізімі, аты - жөні мен тұрғылықты мекенжайы жазылуы міндет. Осы шарт орындалған жағдайда азаматтар еш кедергісіз қалаға кіре алады. 
 Онлайн режимде 8 сағат жұмыс істесеңіз, жалақы толық төленеді. Жұмыс уақыты қысқартылса, сәйкесінше төленетін жалақы да азаяды. Ал жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейтін азаматтарға талап бөлек. 
САЛАМАТ АМАНБАЕВ 
ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ  
Жеке кәсіпкер жұмысшылар тізімін қалалық жұмыспен қамту бөліміне жіберуі тиіс. Арнайы штаб мәселені жан - жақты қарап, шешім шығарады. Республика бойынша ең төменгі жалақы 42 500 теңге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленентін болады. 
 Ал қаладағы құрылыс алаңдарының жұмысы жалғасқанымен, уақыты шектеледі. Әр обьектінің жұмыс кестесі әртүрлі екенін ескертті облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Қайрат Райымқұлов. Қаулы бойынша өзге де мекемелердің жұмыс кестесіне өзгереді. 
ҚАЙРАТ РАЙЫМҚҰЛОВ
ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
 Барлық жерде санитарлық - залалсыздандыру жұмыстары күшейтіліп жатыр. Сол себепті техникалық қызмет көрсету орталықтары, көлік жуу орны,  ломбардтар, тігін шеберханалары мен химиялық тазалау мекемелерінің жұмыс уақыты таңертеңгі онннан кешкі 18:00 ге дейін деп бекітілді.  
Айта кетейік, облыстық еңбек инспекциясы бсқармасы онлайн жұмыс режиміне көшті. Сол себепті  жұмыс кестесі мен жалақы мәселесі бойынша 41-73-25 байланыс нөміріне немесе басқарманың электронды поштасына хат жолдауға болады.  

Әсем Самбаева 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар