ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

ЖҰМЫСШЫЛАР ТАЛАБЫ

16:20, 13 қаңтар 2021

Мұғалжар ауданында бір топ кенші жұмысқа шықпай қалды. Олар еңбек жағдайын жақсартып, жалақыны көтерсін деген талаптарын алға тартты. Алтын өндіретін компаниясының жұмысшылары бұл мәселе соңғы бес жылдан бері айтылса да  еш нәтиже жоқ дейді.

Өндіріс орны қойнауы кенге толы Мұғалжар ауданында орналасқан. Аты алтынмен танылған Алтынды ауылы да дәл осы аймақта. Әйтседе бағалы металды өндіретін кеніштің жұмысшылары жалақыға жарымай отыр. Аз ақшаға ауыр жұмыс істемейміз деген олар, кезекті ауысымға шығудан бас тартыпты. 

Жер астында шаң жұтып, тәулігіне 12 сағат жұмыс істейтін кеншілердің басты талабы жалақыны 50 пайызғы көтерту. Қымбатшылық қысқан заманда қазір тауып отырған айлығымыз шайлығымызға жетпейді дейді. Басым бөлігі еліміздің әр өңірінен келіп, жұмыс істеп жүр.  

Кен өндіру үшін 400 метр тереңдікке дейін жер астына түсетін қауіпті кәсіп иелерінің ең жоғарғы жалақысының өзі 200 мың теңге. Бұл 20 жылға жуық еңбек өтілі бар тәжірибелі мамандарға ғана тиесілі. Өзгелері 80-90 мың теңгені бүгінге дейін қанағат етіп келді. Олар компания басшыларының еңбекақыны биыл 25 пайызға көтереміз деген уәделерімен келіспейтіндіктерін жеткізді. 
Компания басшылығы жұмысшылар жалақысын 50 пайызға бірден көбейте алмайтындарын айтты. 

АРМАН ТҮЗЕЛБАЕВ 
КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ 
Біз компанияның мүмкінідігіне қарап, еңбекақыны 25 пайызға кезең кезеңімен көтеруді жөн санадық. Алайда, бұл жағдаймен келіспей отырған адамдар бар. Олардың әрқайсысымен жеке сөйлесіп, мән жайын білуге тырысамыз. Бірақ жалақыны нақты 50 пайызға көтере алмаймыз. 

Жауапты өкілдің тілшілерге берген жауабы осы. Жұмысшылар да жалақының 25 пайызға көтерілетінін разы болды.  
Айта кеткен жөн, бүгінде, жеке серіктестікте 700-ге жуық адам еңбек етіп келеді. 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар