ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

18:24, 3 шілде 2019

Ақтөбеде еңбек қауіпсіздігін ескермеген 30 дан астам адамның өміріне қауіп төнген. 8 адам мерт болған. Бұл - жыл басынан бері қала кәсіпорындарында тіркелген жазатайым оқиғалардың салдары. Осыған орай еңбек инспекторлары түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кәсіпорындардағы жазатайым оқиғалардың алдын алып, жұмысшылардың құқығын түсіндіру. Бүгінгі шараның мақсаты осы. Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма мамандары тұрғындардың сауалына жауап берді. Жұмысшының құқығы мен мүддесі басты орында,-дейді олар. Жұмысшының денсаулығы немесе жарақат алған жағдайдағы әрекеті, жалақы дауы сынды сұрақтар қойылды. Кәсіпорында оқыс оқиға орын алса, арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізіледі. Ал егер бірнеше адам зардап шексе, тергеу амалдарына министрліктің өзі араласады. Мамандардың айтуынша, өндірістегі жазатайым оқиғаны жасырып қалатын мекемелер де аз емес. Мұндай кәсіпорындардың ісі прокуратураға тапсырылады.Жыл басынан бері өндіріс орындарында 30 жазатайым оқиға болды. Одан 39 адам зардап шегіп, сегізі көз жұмды. Дені-техникалық қауіпсіздіктің сақталмауынан. Жұмыс берушінің кінәсі анықталған. Әсіресе "Эноргосистема" серіктестігі, Дөң, кен байыту комбинаты мен Ақтөбе мыс компаниясында қайғылы жағдай жиі орын алған. Жанар Датқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...