ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЖҮЗУДЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

17:56, 9 қазан 2019


«Достық» су спорты орталығында  жүзуден ҚР-ның кубогы бастау алды. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 15-жастан жоғары қыздар мен ер балалар қатысып жатыр. Олар алты шақырымға жүзіп, өзара бақ сынасады. «Достық» су спорты орталығы халықаралық талаптарға сай. Сондықтан мұнда ауқымды шаралар жиі өтеді. Қазақстан Республикасының кубогы да өз дәрежесінде өтуде. Жарыстың бірінші күн-ақ, ақтөбеліктер турнирдің жоғары нәтижелерін көрсетті.

ДИАНА  ТАСЖАНОВА /ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ /АҚТӨБЕ/

- Су спортымен мен 10 жылдан бері шұғылданамын. Жуырда Үндістанда өткен Азия чемпионатына қатысып қайттым. Ал, бүгін ел кубогында  бірінші орынды жеңіп алдым. Баттерфляймен 50 метр шақырым бойынша. Енді еркін  стильмен  200, 400, және 800 шақырымдық жарыстарға қатысамын.

Ел кубогы үшін жарыста  150 спортшы  бақ сынап жатыр.  Жас спортшылар 12 өңір мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келді. Жарыстар  көпсайыстың 6  тобы бойынша өтуде. Ел кубогы сарапқа салынған жарыстың жеңімпаздары 11-ші қазанда ақтық сында белгілі болады.

Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
23:28, 21 ақпан 2020
КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
Толығырақ...