
Қала әкімінің сайтында Ақтөбеде жылу беру маусымының аяқталғаны жөнінде қаулының мәтіні жарияланды.
Онда орташа ауа температурасы +10 градустан асқанына байланысты, қалада 21-сәуірден бастап тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар үшін жылу беруді тоқтату туралы айтылған. Ал мектептер мен балабақшалар, медициналық мекемелер үшін бұл маусым мамырдың төртіне дейін созылады.