ШҰҒЫЛ! КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ Толығырақ

ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

18:16, 4 қыркүйек 2018

2016 жылы сараланған тариф енгізілгеннен бері "Трансэнерго" акционерлік қоғамы 115 миллион теңгені үнемдеді. Нәтижесінде, энергия шығындары төмендеп, ескірген жылу желілері азайды, - дейді мамандар. Бүгін олар өздерінің қызметі туралы арнайы пресс-тур барысында журналистерге айтып берді.

Екі жыл бұрын тариф көтерілгенде жылумен жабдықтау желілері, қазандықтар жөнделіп, техникалар жаңартылды. Нәтижесінде, қаладағы тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарды. Бүгін мамандар бес жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында жасалып жатқан жұмыстарды таныстырды.

Биыл компания шамамен сегіз жүз миллион теңгеге бес мың шақырымдық жылу желілерін жөндеді. Дәл осындай қаржыға екі қазандықты жаңартты. Ал, 2019-2020 жылдар аралығында 312 атқыштар дивизиясы даңғылындағы жылу магистралі мен "Қазандық" жылу желілері жаңғыртылмақ.

Егер, күн күрт суыған жағдайда мамандар үйге жылу береміз деп отыр. Ал, қазір дайындық жұмыстары қарқынды. Айтып өтейік, 10-шы - 12-ші қыркүйек аралығында жылу желілері гидравликалық сынақтан өткізіледі. Пәтер иелері кооперативтері, кондоминиум басшылары және өзге де тұтынушылар сынақ өткізу кезінде үйлер мен ғимараттардың жылу тораптарындағы бекітуші арматураны жабулары қажет.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:12, 22 ақпан 2019
СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
18:11, 22 ақпан 2019
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
19:31, 19 ақпан 2019
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...