ШҰҒЫЛ! ҮЙ ТОНАУШЫЛАР КӨБЕЙДІ Толығырақ

Жылу жүйесінің 60 пайызының тозығы жеткен

15:56, 13 қыркүйек 2017

Қаладағы жылу желісінің 60 пайызының тозығы жеткен. Ал жылыту маусымына санаулы күндер қалды. Қазір "Трансэнерго" акционерлік қоғамы қала бойынша жылу  жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бөлінген қаражатқа 845 шақырым жылу желілері жөнделді. 

Табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары бүгін "Трансэнерго" акционерлік қоғамымен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін арнайы пресс-тур ұйымдастырды. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2023-ші жылға дейін бөлінген қомақты қаражаттың 330 миллионы игерілген. Жаңадан техникалар алынды.

Коммуналдық мекеме жұмысшылары бүгін  Әуе қалашығына қарасты Зинченко көшесіндегі жылу жүйесін жөндеді.  Бұл  жүйенің бүтіндей бір ықшам аудан үшін маңызы зор. Соңғы рет жөндеу жұмыстары  25 жыл бұрын жасалыпты. 

Инвестициялық бағдарламаның жүзеге асуын табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары да бақылап отыр. Олар "Коммуналдық мекеме жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражатты тиімді пайдаланған, еш ескерпте жоқ", - дейді. Ал, тарифке келетін болсақ...

Ұлағат Арғынұлы, Самат Қалекенов

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
18:32, 15 тамыз 2018
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Толығырақ...