ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ЖЫЛЫЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫ АРТАДЫ

20:23, 22 мамыр 2020

 Облыс экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі - 20 процент. Бұл көрсеткішті көбейту қажет. Әсіресе ауыл шаруашылығын дамытып, тұрғындарды жергілікті өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік мол. Бұдан соң өзгенің нарығына шығу қажет. Қазіргі кезде осы бағыттағы жұмысты жандандырып, ішкі және сыртқы нарықты қатар қамтамасыз етуге ден қойылды. Кәсіпкерлерді қолдауға айтарлықтай қаржы бөлінді.  
Жыл соңына дейін облыстың 12 ауданының орталығында жылыжай салынады. Бұл аудан тұрғындарын қыс, көктем кезінде көкөніспен қамтуға мүмкіндік беретін жоба. Сонымен бірге әр ауданда сүт, ет өңдейтін цехтың құрылысы басталады. 
АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
Ауылда тұрып қаладан сүт сатып алу дұрыс емес... 
Ет шетелге де экспортталып жатыр. Өткен жылы 100 тоннаға жуық қой еті Иран мен Сауд Арабиясына жөнелтілген еді. Ірі қара еті Қытайға жіберілді. Биыл да осынша өнім сыртқа шығарылады.  
АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Министрліктен тапсырма бар, экпорттаймыз... Өзмімізге жете ме? Ия, жетеді, осы істеп жатқан жұмыстар соған бағытталады...
Ішкі нарықты жергілікті өніммен толтырып, сыртқа шығару үшін қазір мемлекеттен ауыл шаруашылығын дамытуға қомақты қаржы бөлінуде. Мәселен, биылғы көктемгі егіс жұмыстарына 70 млрд теңге бөлінді. Облыстың 2 мыңнан астам шаруашылығына 3.8 млрд теңге субсидия берілді. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша осы салаға қосымша 100 млрд теңге қарастырылды. Аталған қаржы кәсіпкерлерге төмен пайызбен несиеге беріледі.  
Мемлекет, соның ішінде жергілікті әкімшілік кәсіпкерлерге көптеген мүмкіндік беріп отыр. Төтенше жағдай кезінде де оларға 5 пайыздық мөлшермен несие беріліп, кейбір салық түрлерінен босатты. Қазір мал басын еселеп, егістік жұмыстарымен айналысатын шаруаларға басты назар аударылады.    

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
22:38, 26 мамыр 2020
ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар