Ақтөбелік спортшы Еуропадан алтын жүлдемен оралды

Гір көтеруден әлем чемпионы Евгений Гончаров Еуропа чемпионатынан жеңіспен оралды.

19:47, 17 мамыр 2017   168

Алтын медальды қанжығасына байлап, еліне олжалы келген спортшыны бір топ ақтөбелік әуежайдан күтіп алды. "Женя, чемпион" деп айқайлаған дауыстар ауыр атлетшінің мерейін үстем етті. Ол Латвияның Даугавпилс қаласында өткен Еуропа чемпионатынан алтын медаль алды. 95 келіге дейін салмақ категориясы бойынша қатысып, гірді 85 рет жұлқа көтеруден үздік нәтиже көрсетті. Қарсыластарын шаң қаптырған  спортшы байрақты бәсекеде еліміздің көк туын желбіретті. Еске салсақ, Евгений Гончаров гір көтеруден әлем бойынша 12 рет чемпион атанса, Еуропа бьойынша төртінші жүлдесі. Бүгінде ақтөбе қалалық спорт бөлімінің басшысы болып жүрген спортшы мемлекеттік қызмет пен спортты қалай ұштастырып жүргенін айтып берді.

ЕВГЕНИЙ ГОНЧАРОВ, ГІР КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ

- Спорт маған ешқашан кедергі болған емес. Керісінше оң ықпалын тигізеді. Еш жасыратыны жоқ мемлекеттік қызмет пен спортты бірге алып жүру оңай емес. Дегенмен сүйікті ісіммен айналысуға уақыт табамын. Ерте жатып, кеш тұрамын. Аптасының жеті күнін де спортқа бөлемін.

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44