ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТАҒЫ ЖАЛПЫ АХУАЛ Толығырақ

АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

16:49, 29 қаңтар 2018

Алға қаласында шайбалы хоккейден өткен "Жұлдызды шайба" жарысы мен "Ең үздік мұз айдыны" байқауы өз мәресіне жетті. Жеңімпаз командаларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев марапаттады. Оларға өңір басшысы дипломдар мен конькилер табыстады

Алға қаласында ұйымдастырылған қос жарыс бір айға жалғасты. Оған мектеп оқушылары қатысты. Барлығы ауылдық округтерден келген.

Жеңімпаздарды құттықтаған облыс әкімі халықтың спортпен айналысу үшін, бар жағдай жасалатынын атап өтті. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтып, дамыту жұмыстары жалғасады деді.

Өңір басшысы жеңімпаздарға дипломдар, сырғытпа таяқшалар мен конькилер табыстады. Ең үздік үштікке Маржанбұлақ, Бестамақ және Пацаев атындағы нөмірі екінші мектептің командалары тұрақтады.

Ал, "Ең үздік мұз айдыны" байқауы бойынша Тамды, Бестамақ және Сарықобда ауылдық округтерінің алаңдары үздік деп танылды. Төрешілер ең алдымен мұздың тегістігіне, техникалық жабдықталуына мән берді. Мамандардың айтуынша, соңғы екі-үш жылда ауданда қысқы спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе, балалардың қызығушылығы басым дейді. 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
21:23, 28 желтоқсан 2018
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
Толығырақ...
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
11:59, 1 ақпан 2018
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар