ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Бапкерлер рейтингі: ілікпегендер қызметінен қуылады

18:54, 15 мамыр 2017

Бұдан былай облыс бапкерлерінің рейтінгісі жасақталады. Оған ілікпей қалғандар қызметінен қуылады. Бұл туралы бүгін "Ақтөбе" футбол клубының баспасөз орталығында өткен мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов мәлімдеді. Клуб басшылығы атқарған жұмыстарының есебін беріп, алдағы жоспарларын баяндады.

2006-2013 жылдар аралығында еліміздің бес дүркін чемпионы атанған "Ақтөбе" футбол клубы соңғы уақытта сынға ұшырап жүр. Әсіресе, әлеуметтік желілерде жанкүйерлер жазған шағым көп. Қазір, клуб турнир кестесінде соңғы орында тұр. Бұл мәселеге қатысты  облыстық футбол ассоциациясының президенті Қайрат Бекенов шара қолдануымыз керек деді. Белгілі болғаны, ойыншылар 12 тур аясында 10 кездесу өткізді. Оның алтауынан ойсырата жеңілді. Клубтың бас бапкері 12 мамыр күні қызметінен кеткен болатын.                 

МАҚСАТ ТЮМАЛИЕВ, "АҚТӨБЕ" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

-  Жуық арада бас бапкерді тағайындаймыз. Қазір бірнеше үміткер бар. Біз биыл, алғаш рет жаттықтырушыларды оқуға жібердік. Қорытындысында екі маман футбол орталығында бапкер болып жүр. Сондай-ақ, билеттердің онлайн сатылымын шығарып, абонементтердің санын ұлғайттық. Мәселен, былтыр 6377 дана билет, биыл 11 277 билет сатылды.

Биыл "Ақтөбе" футбол клубы 50 жылдығын атап өтеді. Осыған орай басшылықтың бірқатар жоспарлары бар. Жанкүйерлерге арнап, еуропалық стандартқа сай "Fan shop" дүкені ашылмақ. Бұдан өзге, демеушілердің көмегімен клубтың музейі және стадион маңынан тұрғындарға арналған футбол паркі салынбақ. Жиын барысында балалар футболын дамыту мәселесі де сөз болды. Былтыр "Ақтөбе" футбол клубы жанынан 9 ауданда футзал филиалы ашылған болатын. Тағы Хромтау, Мәртөк, Шалқар, Әйтекеби аудандары мен Кеңқияқ ауылында филиалдары жұмыс істемек.

ҚАЙРАТ БЕКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

- Біз қазір халықаралық футбол клубтарының бапкерлерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта олар Ақтөбелік ойыншыларға келіп, шеберлік сыныптарын өткізеді. Балалар футболын қазірден бастап дамыту қажет. Кейін, олар өзіміздің клубтың дайын ойыншылары болады.

Қазір жаттықтырушылар жалақыны бірдей алады. Балаларға да жағдай жасалып отыр. Жиын барсыныда 25 мамырға дейін футболдан облыс бапкерлерінің рейтінгісін әзірлеу міндеттелді. Осы рейтингте кенжелеп қалған бапкерлердің кәсіби деңгейіне қауіп төнеді.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
21:23, 28 желтоқсан 2018
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
Толығырақ...
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
11:59, 1 ақпан 2018
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
16:49, 29 қаңтар 2018
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...