ШҰҒЫЛ! 1 желтоқсан - ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні Толығырақ

Денсаулық фестивалі ұйымдастырылды

18:06, 11 қыркүйек 2017

Дені саудың - жаны сау.  Алты мың ақтөбелік бір мезгілде денсаулық фестиваліне қатысты. Қаланың алты саябағы мен барлық спорт алаңдарында жаппай таңғы жатттығулар жасалып,  түрлі спорттық шараларға ұласты. шараның мақсаты - салауатты өмір салтын  насихаттау.

Денсаулық саябағында бас қосқан қала тұрғындары таңертеңгілік уақытты дене шынықтыру жаттығуларымен бастады. Шараның ең ауқымыдысы Тұңғыш Президент атындағы орталық демалыс саябағында болды. Алдымен флешмоб ұйымдастырылып, қатысушылар қаражорға биледі.  

Денсаулық сақтау саласының ардагерлері 3 айналым жасады. Кейбірі жай ғана жүріп өтсе, көбі соңғы жылдары ерекше танымал болған скандинавтық жүру тәсілін қолданды.  Өйткені мұндай спорттық жүріс денсаулыққа аса пайдалы екенін мамандар айтып дәлелдеп айтып жүр.

Фестиваль бірнеше кезеңнен тұрды. Үшініші кезеңде қатысушылар зияткерлік спортта және күресте өз мүмкіндіктерін көрсете білді. Шара барысында медицина қызметкерлері  денсаулық бұрышын да ұйымдастырды. Саябаққа келген тұрғындар қан қысымын, қант мөлшерін өлшеп білді.

Ұлағат Арғынұлы, Арман Досмагамбетов 

Тақырып бойынша материалдар

Колледж оқушылары арасында XVIII спартакиада ойындары басталды
16:28, 21 қыркүйек 2017
Колледж оқушылары арасында XVIII спартакиада ойындары бастал...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
17:20, 16 қараша 2017
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
Толығырақ...