ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Футбол ойыны мектеп бағдарламасына енгізіледі

18:47, 28 желтоқсан 2017

Ақтөбеде мектептегі оқу бағдарламасына "Футбол сабағы" енгізілді. Бүгін ерекше сабақтың тұсаукесері өтті. Жаңа жобаны облыс, қала әкімідіктері білім бөлімдерімен бірлесе отырып енгізді. Ал, "Ақтөбе" футбол клубы сабақ өтетін кабинетті жабдықтап берді.

Бұдан былай ақтөбелік оқушылар футболды пән ретінде оқитын болды. Осылайша, жергілікті билік үздік теңбілдопшыларды дайындауға жіті көңіл бөлмек. Футболдың қыр-сырын әбден меңгерген балалар қаладағы спорт клубтарға іріктеліп, құрама командаларға мүше болады. 

Алғашқы футбол сабағы Сазды ауылдық округіндегі №66 мектепте өткізілді. Ақтөбе футбол клубының жігіттері алты білім ордасына арнайы кабинеттерге құралдар сатып алып берді. Ал, сабақты тәжірибелі футболшылар жүргізетін болады.

Айта кеткен жөн, Ақтөбеде футболға қатысты бұған дейін қолға алынған пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Ол "Бастауыш сынып оқушыларына арналған футбол бойынша әдістемелер" деп аталады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
21:23, 28 желтоқсан 2018
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
Толығырақ...
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
11:59, 1 ақпан 2018
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
16:49, 29 қаңтар 2018
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...