ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Халықаралық спорттық турнир

13:29, 6 қараша 2017

Жекпе-жек сарайында бразилиялық джиу-джитсудан және сабмишн файтингтан ашық халықаралық Арлан Грип Селекшн турнирі өтті. Жарысқа ел аймақтарынан келген жасөспірімдер мен ересектер өзара мықтыны анықтады. Олардың басым бөлігі Батыс Қазақстан облысының намысын қорғады.

Халықаралық Арлан Грип Селекшн турнирі Ақтөбеде екінші мәрте өтіп отыр. Бұл өз кезегінде Батыс өңіріндегі барлық спортшылардың қатысуына мүмкіндік берді дейді ұйымдастырушылар. Жарысқа ел аймақтарынан келген 200-ге жуық жасөспірім және ересек спортшы қатысты. Турнирдің алғашқы күні аренаға "Джи" нұсқасы бойынша 7 мен 17 жас аралығындағы спортшылар шықты. Келесі күні "Но джи" кезеңі аясында ересектер сынға түсті. Олардың қатарында талай додаларда топ жарған мықтылар да бар

Жарыс мақсаты - халықаралық турнирлерге үздіктерді анықтау, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және осы спорт түрін насихаттау дейді мамандар.

Ал, жеңімпаздар диплом және медальдармен марапатталды. Айтып өтейік, турнирдің ақтық кезеңі 7-10 желтоқсан күндері Алматы қаласында өтеді. Онда үздіктерге Біріккен Араб әмірліктеріне, Азия және құрлық чемпионаттарына жолдама берілетін болады.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
21:23, 28 желтоқсан 2018
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
Толығырақ...
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
11:59, 1 ақпан 2018
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
16:49, 29 қаңтар 2018
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...