ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТАҒЫ ЖАЛПЫ АХУАЛ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ

21:23, 28 желтоқсан 2018

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өтіп бара жатқан жылы ерекше көзге түскен дзюдошы Жанболат Бағытбергеновпен кездесті.

Осы жылдың қазан айында ақтөбелік спортшы Нассау қаласында жастар арасында өткен дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының ішінде жалғыз марапат - қола медальді жеңіп алды. Бұл - Ақтөбе өңірінің дзюдодан жастар құрамасы тарихындағы алғашқы жүлде.  Біріншілікке барлығы 79 елден келген 492 спортшы қатысты.

Өңір басшысы, сондай-ақ, спортшыға облыстық дзюдо федерациясы атынан 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақының сертификатын табыс етті.  Өз кезегінде, Жанболат Бағытбергенов жылы лебізбен қабылдағандары үшін алғыс айтып, жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін әрі қарай да бар күшін салатынына уәде берді.

Тақырып бойынша материалдар

СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
11:59, 1 ақпан 2018
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
16:49, 29 қаңтар 2018
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар