ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ

11:59, 1 ақпан 2018

Бір аптадан соң, Оңтүстік Кореяның Пxенчxан қаласында ХХІІІ-ші қысқы олимпиада ойындары басталады. Бірақ, байрақты бәсекеге Ақтөбе облысынан қатысатын бірде-бір спортшы жоқ. Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі спорт басқармасының жұмысын сынға алды. Жұлдыз Алмасқызы тарқатады.

Облыста спорт саласына жыл сайын қыруар қаржы бөлінеді. Былтыр бірнеше ғимараттар мен спорт алаңдары бой көтерді. Бірақ, нәтиже жоқ, көрсеткіштер көңіл көншітпейді, - деді өңір басшысы.

Ал, басқарма басшысы есебін өткен жылғы жетістіктерден бастады. Оның айтуынша, бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны облыста 31 пайызды құраған. Өткен жылы жерлестеріміз әлем чемпионатында 11 алтын, 17 күміс, 13 қола медаль иеленген. Бірақ, бұл көрсеткіштер өңір үшін әлі де болса аз. Өйткені, басқарма басшылығының федерациялармен, аудан әкімдерімен байланысы нашар деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің тапсырмасымен спортқа жауапты арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Алайда, ол топтың да жұмысы мардымсыз. Спорт басқармасыныңжұмысты ілгерілету туралы стратегиялық жоспары да жоқ болып шықты.

Белгілі болғаны, спорттық жабдықтар түгел емес мектептер де бар. Бұл салаға мамандар тарту мәселесі де қаузалды. Бұдан бөлек, колледждер мен мектептерде, тіпті жоғары оқу орындарында да спорт залдары кешкі уақыттарда жабық тұрады. Осы мәселелерге қатысты қоғамдық кеңестің мүшелері пікір білдірді.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев жеңіл атлетиканы дамыту керек деп міндеттеді. Ол үшін жұмыс тобына бір айдың ішінде барлық спорт нысандарының материалдық-техникалық базасын тексеруді тапсырды. Бұдан бөлек, спорт басқармасы мен білім басқармасына балабақшалардан бастап, жоғары оқу орындарына дейін спорт залдар түгел жұмыс жасау керек деп ескертті. Ал ісінен нәтиже шықпаған жұмыс тобының құрамын жаңартуға 15 күн уақыт берді.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
21:23, 28 желтоқсан 2018
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
Толығырақ...
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
16:49, 29 қаңтар 2018
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар