Әйел деген бір әлем

Бағдарлама жүргізушісі: Бибігүл Биманова

Жанры: танымдық, тәрбиелік  

Форматы: тележурнал

Ұзақтығы: 20 мин

Жиілігі: аптасына 1 рет, сәрсенбі, 17:30

Тілі: қазақ тілі

Құрылымы: Хабар студиядан түсіріледі. Тақырыпқа байланысты сюжеттер дайындалады. Үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім: «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда!»

Бұл бөлім қыз тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер қозғалады. Мысалы, қызға қырық үйден тыйым, ерте жүктілік, бала тәрбиесі, келіндік әдеп т.б.

Екінші бөлім: «Қыз-келіншектерге кеңес»

Қыз-келіншектерге түрлі бағытта кеңестер беріледі. Олар бет күтіміне, киім таңдауына, ас әзірлеуіне, қонақ күтуге т.б.

Үшінші бөлім: «Әдемі әлем кейіпкері»

Өңірде өзіндік өнерімен, ерекше еңбегімен, айрықша қасиетімен дараланған қыз-келіншектер көрерменге таныстырылады. Олар отбасында аяулы қыз, тәрбиелі келін, берекелі отбасының отанасы.  

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44