
Jas STAR
- «
- »
Редактор-жүргізуші: Ерлан Мұқан
Режиссері: Перизат
Хроно: 30 минут
Жиілігі: сейсенбі, жұма
Уақыты: сағ.18:40
Студияда тікелей эфирде өтетін жастар аудиториясына бағытталған бағдарлама. Бағдарламада түрлі рубрикалар, сонымен қатар белсенді, өнерлі жастар қонақ болады.
«Жастар жаңалығы» (Афиша): Бұл айдарда қаламызда жастар арасында өткен түрлі шаралар, мерекелік концерттер немесе қаламызда жастар арасында өткелі жатқан қоғамдық шаралар сюжет ретінде беріледі.
«KazNet»: Ғаламтор сайттарында, ютуб желісінде немесе әлеуметтік желіде көп көрсетілім жинаған, қызықты бейнелер көрсетіледі.
«Селфи» айдары: Көрермендердің өздері жіберген қызықты суреттер, селфилер...
«Қызықты сауалнама»: Бұл айдарда қала тұрғындарынан сауалнама алынады. Бірақ ерекшелік – халыққа басқаша сұрақ қойылып, кейін эфирде сұрақ өзгертіледі.
Мәселен қойылатын сұрақ: Әлемдік деңгейдегі актерлерді атаңыз?
Ал, эфирде жазылатын сұрақ: «Сыныптастарыңыздың атын кім?»
Студия қонағы бағдарлама басталысымен кіреді. Және әрбір айдарларда өз ойымен бөлісіп, әңгіме өрбітіп отырады жүргізушімен бірге. Студия іші – еркін, креативті форматта жасақталған. Жүріп-тұру мен келген өнерпаздардың ән салып, өнер көрсетуіне ыңғайлы болуы тиіс. Және студия қонағымен міндетті түрде ойын немесе ситуациялық тапсырмалар өткізіледі. Бағдарлама соңында қонаққа қызықты әрі шағын сыйлық тапсырылады.