ШҰҒЫЛ! ҚАЛАМГЕРДІҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Қонысбек Терекұлы

1990 жылы 30 сәуірде Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. 

2009 жылы Алматы Экономикалық-техникалық колледжінде қаржы мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық Университетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетін "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша бакалавр.
Еңбек жолын 2008 жылы "Екі езу" сатира театрында сценарист-редактор болып бастаған. 2009-2013 жылдары "Қазақстан-Ақтөбе" телекомпаниясында редактор-тележүргізуші болып еңбек етті. "Қайырлы таң, Ақтөбе", "Жігер" жастар хабары, "Бақ пен бап" спорт хабары, "Әсерлі әңгіме", "Атажұрт" тарихи танымдық жобасының жүргізуші-редакторы болды. 2013-2014 жылдары "24KZ" арнасында "Жасыл экономика" хабарын жүргізді. 2014-2015 жылы "Қазақстан-Ақтөбе" және "Нұр" телекомпаниясының бас редакторы болып еңбек етті. Жаңалықтар қызметінің жүргізушісі болды. Сондай-ақ, #51, 24 мектеп гимназиясында "Жас тілші" үйірмесінің жетекшісі. Облыстық "Aqtobe" телеарнасындағы "Бүк-шік", "Елдің баласы", "Ахтанов54", "Менің кәсібім" сияқты көптеген хабарлар мен бағдарламалардың авторы. Жаңалықтар қызметінің жүргізушісі. Бағдарламалар бөлімінің редакторы. 
Қазіргі таңда телеарнаның бас редакторы қызметінде. 

Елбасы Н.Назарбаев, ҚР Президенті Қ.Тоқаев, ҚР Ақпарат және байланыс министрінің, Ақтөбе облысы әкімінің, РТРК "Қазақстан" төрағасының, түрлі департамент басшыларының алғыс хат-грамоталарымен, сыйақыларымен  марапатталған. 
2013 жылы Малайзияның "Куала-Лумпур" қаласында, Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Батыс Қазақстан облыстарында кәсіби біліктілікті арттыру бойынша тағылымдамадан өткен.