ШҰҒЫЛ! ҚАЛАМГЕРДІҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Самарханова Айнұр Жәнібекқызы

 

1993 жылы 8 қазанда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келді.

    Білімі: 2000-2011 жылдар аралығында Арал қалалық №262 мектеп-гимназиясында білім алды. 2011-2015 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін қызыл дипломмен аяқтады.

    2016 жылдан бастап  РТРК «Қазақстан» АОФ  «Aqtobe» телеарнасында редактор, тележүргізуші болып қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда «Қайырлы таң, Ақтөбе!», «Еркетай», «Құтты мекен –Ақтөбе», «Кездер-ай» бағдарламаларының редактор, жүргізушісі.

    2017 жылы «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» қарсаңында Ақтөбе облысының өркендеу жолындағы жұмыстарға үлес қосып, белсенділік танытқаны үшін «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ атынан алғыс хатымен марапатталды;

2018 жылы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай «Ақтөбе» телеарнасы директорының алғыс хатымен марапатталды;

2019 жыл – Жастар жылы аясында өткізілген іс-шараларға үлес қосқаны үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды;

2020 жылы Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды;

Марапаттар:

2017 ж. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ атынан алғыс хатымен

2019 ж облыс әкімінің алғыс хатымен